Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазға дейін өлім көп болады": Камрян Самедов коронавирус жайлы болжамын айтты

Опубликовано:

Белгілі әзірбайжандық көріпкел Камрян Самедов әлемдегі коронавирустың жағдайына байланысты өз болжамын келтірді. Ол қай мемлекеттерде қауіпті инфекция салдарынан адам өлімі өте көп болатынын жеткізді. Ерекше қасиет иесі COVID-19 дүниежүзі бойынша 1,5-2 млн азаматтың өмірін қиятынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/pixabay.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/pixabay.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Самедов күллі әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясынан ең қатты жапа шегетінін елдер тізімін айтты.

"Бәрінен де Еуропада адам өлімі өте көп болады. Жазға дейін өлім тым көп болады. Алайда, жазда өзінің бұрынғы өміріне оралады. Италия мен Испанияда аса көп азамат көз жұмады. Өте қорқынышты. Олардың қатарына АҚШ та қосылады. Бұл елде де вирустан көп адамдар қырылып қалады. Осы мемлекеттер қатты жапа шегетінін көріп тұрмын. Жалпы алғанда, қауіпті инфекциядан 1,5-2 млн адам өледі" , - деді көріпкел.

Айта кетейік, Самедов бұған дейін Қазақстанның карантиннен кейінгі өмірі қандай болатынын сипаттап берген еді.

Оған қоса, ол елімізде коронавирустан қанша адам көз жұматынын болжады. Көріпкел мемлекеттегі карантин қай уақытқа дейін созылатынын да айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850020-zazga-dejin-lim-kp-bolady-kamran-samedov-koronavirus-zajly-bolzamyn-ajtty/

pixel