Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирустан сегізінші өлім тіркелді

Опубликовано:

Павлодар облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды. Ол 1936 жылы дүниеге келген. Осылайша елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны сегіз адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Елімізде коронавирус бойынша 9 сәуір 22:55 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болып, вирус жұқтырған тағы 17 адам тіркелген.

Олар Алматы (1), Нұр-Сұлтан (2) қаласы мен Ақмола (4), Павлодар (2), Қызылорда (8) облыстарында.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 225

Алматы қаласы – 122

Шымкент қаласы – 27

Ақмола облысы – 60

Ақтөбе облысы – 11

Алматы облысы – 10

Атырау облысы – 42

Шығыс Қазақстан облысы – 6

Жамбыл облысы – 45

Батыс Қазақстан облысы – 4

Қарағанды облысы – 57

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 100

Маңғыстау облысы – 7

Павлодар облысы – 3

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 34 адам.

Қазақстан бойынша барлығы 781 жағдай.

Пациенттердің 60-ы жазылып шықса, қайтыс болғандар сегіз адамды құрап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін коронавируспен күресте көмек көрсету үшін қытайлық дәрігерлердің Қазақстанға келгенін хабарлаған едік. Олар мінген ұшақ елордаға келіп қонған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849977-pavlodar-oblysynda-bir-adam-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel