Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент республикалық бюджет туралы жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: Facebook

Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.

Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлескенін хабарлағанбыз. Олар COVID-19 індетінің таралуына қарсы күресте халықаралық іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка арасындағы саяси диалогты одан әрі тереңдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті арттырудың, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында атқаратын бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1849782-prezident-respublikalyk-budzet-turaly-zarlykka-kol-kojdy/

pixel