Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте медициналық бетперде мен дезинфекциялық құралдарды заңсыз сатқандар анықталды

Опубликовано:

Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда.

Шымкентте медициналық бетперде мен дезинфекциялық құралдарды заңсыз сатқандар анықталды
Фото: NUR.KZ: Facebook

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, 8 заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады.

Нақты айтсақ, 32 мың дана бетперде, 1 730 литр антисептикалық заттар жалпы сомасы 8 млн. 225 мың теңгеге және 20 мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы 740 мың теңгеге саудаланған. Аталған деректер бойынша, ҚР ӘҚбК 463 бабына сәйкес, 6 әкімшілік хаттама толтырлып, сот органдарында қаралуда.

1 іс-құжат ҚР ӘҚбК 424 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көру үшін, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілтін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. Бұдан басқа, 1 іс-құжат бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралуда.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1849627-symkentte-medicinalyk-betperde-men-dezinfekcialyk-kraldardy-zasyz-satkandar-anyktaldy/

pixel