Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы коронавирусқа қарсы қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысымен кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президенті қабылданған шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz: Facebook
"Медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қиын жағдайда құқық қорғау органдары да өз тиімділігін көрсетуде. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар белсенді жұмыс істеуде", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ ол Ұлттық қор мен үкімет резервінен отандық экономиканы қолдау мақсатында 10 миллиард доллар қаражат бөлінуінің уақытылы жүзеге асырылған шара екенін жеткізді.

Өз кезегінде премьер-министр Елбасыға коронавирус инфекциясының ел аумағында таралуын болдырмау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы нашарлағаны туралы қауесетті жоққа шығарған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1849492-elbasy-koronaviruska-karsy-kabyldanyp-zatkan-saralardy-zogary-bagalady/

pixel