Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз

Опубликовано:

Шілде айының соңында Үндістан мен Непалда Нагапанчами мерекесін атап өтеді. Қасиетті Шраван айының бесінші жұлдызында үндістер нагтардың жердегі елшілері саналатын жыланның алдында бас иеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Нагтар – адамның басы мен денесі бар жыланға ұқсас аңыз жаратылыс. Шраван айымен қатар муссон маусымы басталады да, жыландар су басқан ұясынан жер бетіне шығуға мәжбүр болады. Адамдар жоғарыға көтерілген жыландарды құшақ жая қарсы алады.

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Нагапанчи күні ешкім жұмыс істемейді. Мереке себепкерлерін орманнан әкеліп, көшелер мен аулаларға шығарады. Адамдар өзін жыланға қарыздар деп санайды, себебі бұл сүтқоректілер егіннің өсуіне кедергі кеміргіштермен күресуге көмектеседі. Сондықтан жыландарды барлық жерде жылы қарсы алып, гүлді тозаң шашып, сүт, еріген май, бал және қуырылған күріш береді. Жыланның ұясына олеандр, жасмин және қызыл лотос гүлдері қойылады.

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Жолда жыланды кездестіру үлкен сәттілік әкеледі деп саналады, әсіресе тұрмыс құрмаған қыздар үшін бұл – жақын арада өз бақыттын жолықтыратынының нақ белгісі.

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әсіресе құрметтің ең кереметіне жыландардың ең қауіптісі әбжылан (кобра) лайықты болады. Ол жайлы үндістерде әдемі аңыз тараған. Күніне бір рет Нагапанчами брахманы ежелгі әдет-ғұрыпты ұмытып, өз егін алаңына барады. Атыз төсеп, байқаусызда әбжыланның балаларын басып кетеді. Әбжылан ана бұдан кек алуды ұйғарып, түнде брахмананың үйіне кіріп, ұйықтап жатқан жанның бәрін шағып өлтіреді. Содан жыланның есіне брахманның тұрмысқа шығып, көрші ауылда тұратыны қызы есіне түседі. Жылан сол жерге жетіп барса, жас келіншектің Нагапанчи мерекесінің бар талабын орындап, жыландарға тамақ дайындап жатқанын көрген.

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Кобра жақсы ниетті қыздың мейіріміне тәнті болып, ашу ызаны ысырып қойып, райынан қайтады. Келіншек жыланның көңілінің толғанын көріп, одан әкесінің және басқа да туыстарының қатесін кешіріп, қайта тірілтуін өтінді. Әбжылан өтінішті бірден орындаған мыс. Сондықтан көптеген үнді штатында әйелдер әбжылан ана бейнелі тас мүсінге қарап, бала беруін өтінеді екен.

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Нагапанчами думаны түнге дейін жалғасады. Жылан арбаушылар бұл күні жоғары бағаланып, барлығына өз өнерлерін көрсетеді: Олар улы жыландарды қолдарына алып, мойындарына орап алады. Мұның өнерін тамашалап тұрған батыл көрермендер де осылай жасап көре алады.

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Жыландар біреуді шағатын жағдайлар өте сирек кездеседі. Мүмкін олар бұл мерекенің себепкері өздері екенін сезетін де болар, ал мейрам кезінде ешкімді ренжіткісі келмейді.

Үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы не білесіз
Фото: bigpicture.ru: UGC

Айта кетейік, жаңа туған баланы әр елдің дәстүрі бойынша пәле-жаладан қалай сақтайтыны жайлы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1849401-ndisterdi-zylandy-lyktajtyn-nagapancami-mejramy-turaly-ne-bilesiz/

pixel