Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды

Опубликовано:

Түркістан облысында коронавирустық инфекциядан бір өлім оқиғасы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Түркістан облысында коронавирус инфекциясы расталған алғашқы науқас көз жұмды. Бұл туралы бүгін таңертең белгілі болды.

Басқа мәліметтер әлі хабарланған жоқ.

Сонымен бірге, 4 сәуірде таңертеңгі сағат 10-да Қазақстанда жұқтырғандардың жалпы саны бес жүзге жетті. Кеше түнде коронавирустық инфекцияның тағы 36 дерегі расталды.

Естеріңізге сала кетейік, біздің елде алғаш рет коронавирустық инфекциядан Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді. Оның өлімі 26 наурызда емделіп жатқан Нұр-Сұлтан аумағында тіркелді.

Екінші оқиға да елордада 31 наурыз күні болды. 50 жастағы ер адамның инфекциядан көз жұмғаны анықталды. Ол қант диабетімен ауырған.

Үшінші өлім 1 сәуірде тіркелді.

Айта кетейік, кеше Қостанай облысында алғаш рет COVID-19 инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталды.

Ол 23 наурыз күні "Шарм-эль-шейх-Алматы" рейсімен ұшып келген 1991 жылғы азаматша болып шықты. Пациенттен үшінші рет алынған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қауіпті дертке шалдыққан 11 науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848959-trkistan-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-naukas-kajtys-boldy/

pixel