Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 464-ке жетті

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 4 адам тіркелді. Осылайша елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 464-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуір, сағат 21.30-дағы жағдай бойынша, вирус жұқтырған тағы 4 адамның үшеуі Нұр-Сұлтан қаласында және біреуі Маңғыстау облысында тіркелген.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 202 Алматы қаласы – 93 Шымкент қаласы – 11 Ақмола облысы – 19 Ақтөбе облысы – 7 Алматы облысы – 9 Атырау облысы – 20 Шығыс Қазақстан облысы – 4 Жамбыл облысы – 8 Батыс Қазақстан облысы – 2 Қарағанды облысы – 22 Қостанай облысы – 1 Қызылорда облысы – 26 Маңғыстау облысы – 2 Павлодар облысы – 1 Солтүстік Қазақстан облысы – 18 Түркістан облысы – 19

Жалпы пациент саны 464. Олардың 29-ы сауығып, (Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 13) ауруханадан шыққса, вирустан үш науқас қайтыс болды. Қайғылы жағдай Ақмола, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Еске сала кетейік, бүгін Қостанай облысында алғаш рет COVID-19 инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталды.

Ол 23 наурыз күні "Шарм-эль-шейх-Алматы" рейсімен ұшып келген 1991 жылғы азаматша болып шықты. Пациенттен үшінші рет алынған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848943-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-464-ke-zetti/

pixel