Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табиғат және әуе апаттары көп": Танымал нумеролог 2020 жылдың ерекшеліктерін айтты

Опубликовано:

Белгілі нумеролог Лаура Сәрсенбайқызы Қазақстанда коронавирус тіркелгелі бері халықтың қандай күйге түскенін баяндады. Оның айтуынша, елде тіркеліп жатқан жағдайларға қарап, көп нәрседен шешім шығаруға болады. Мәселен, елде карантин жарияланғанына қарамастан той жасап, құда күтіп жүргендер – вирустың қауіпті екенін әлі сезіне алмаған жандар. Сондай-ақ, ол биыл табиғи апаттардың көп болатынын және халық үшін қиыншылықтар кездесетінін айтты. KAZ.NUR.KZ танымал нумерологтың пікірін назарларыңызға ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Адам санасы жағымсыз оқиғаны немесе ақпаратты қабылдаған кезде үш кезеңнен өтеді. Бірінші сатысы – мойындамау. Яғни, коронавирус туралы алғаш ақпараттар шыққанда біз айтарлықтай мән бермедік. Жанымызда тиіп тұрған Қытайдан бізге келеді деп ойлаған жоқпыз. Коронавирус келуі мүмкін деген ақпар тарағанда оны әзілге айналдырып, күлкі қылдық. Вирус біздің елге аяқ баспайтындай көрінді. Ойдан шығарылған нәрсе деп, қабылдамағанымыз рас.
Екінші саты – қорқыныш. Бұл кезеңде халық коронавирустың шын мәнінде аса қауіпті екеніне көз жеткізді. Қытайдан өтіп, Еуропаны шарлап, Италия халқын баудай түсіріп жатқан вирустың бізге де келгені қорқынышты одан әрі күшейте түсті. Ел ақырзаман келді деп ойлады. Жұрттың бәрі азық-түлік алу үшін дүкенге жүгірді. Тамақты қабымен ала бастады.
Үшінші кезең – қабылдау. Аталған кезеңде адамдар жағдайды түсініп, қорытынды шығара бастады. Пайда таба бастады. Карантин кезінде бос уақыттарын құр жібермей, онлайн түрде оқуға, кітап бетін ашуға, түрлі курстарға қатысуға ниеттенді. Меніңше, қазір елдегі адамдардың 50 пайызы әлі екінші сатыда – яғни қорқыныш кезеңінде жүр.
Ал қалған 50 пайызының бірінші және үшінші кезеңді бөлісуде. Мәселен, елде төтенше жағдай жариялап, вирустың қаншалықты қауіпті екенін айтса да, той жасап, құда күтіп жүргендер бар. Бұлар әлі коронавирустың қауіпті екенін мойындамай жүрген жандар", - дейді Лаура Сәрсенбайқызы.

Танымал нумеролог биылғы жылдың ерекшеліктеріне де тоқталып өтті.

"Нумерология бойынша биылғы жыл төзімділік пен еңбекқорлықтың белгісі. Яғни, 2020 санындағы цифрларды бір-біріне қоссақ 4 шығады. Бұл сан еңбекқорлыққа шақырады. Ал астрология бойынша, адамзат үшін қауіптер бар екенін айтып жүрміз. Мысалы, биыл жылғы – кібісе жылы. 2020 жылы әдеттігіден бір күн артық. Бұрынғы бабаларымыз да кібісе жылының жайсыз болатынын айтып өткен. Оның үстіне, 1720 жылдан бастап бір ғасыр сайын адамзатқа қауіпті індеттер соғып отырған.
Биыл ай мен күннің тұтылуы алты рет кездеседі екен. Бұл бір жыл үшін тым көп. Демек, ай мен күн тұтылатын мерзімдерде алыс саяхатқа шықпауға, ірі іс-шаралар жоспарламауға тырысыңыздар. Ай мен күн жиі тұтылатын кезде табиғи апаттар, әуе апаттары көп кездеседі. Сондықтан, алыс жолға шығарда осыны ескере жүріңіздер", - дейді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848734-tabigat-zne-ue-apattary-kp-tanymal-numerolog-2020-zyldy-erekselikterin-ajtty/

pixel