Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі артта қалды": Медеу Арынбаев ауыр дерттен айыққанын айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Медеу Арынбаев сырқаттанып қалып, біраз уақыттан бері сахнадан көрінбей кеткен болатын. Алайда, бүгінгі күні өнер иесі ауыр дертінен толығымен айығып шыққанын хабарлап, барша жанкүйерлерін қуантты. Эстрада жұлдызы ауруын жеңіп, енді барынша шығармашылығына көңіл бөлетінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Instagram

Бұл қуанышты жаңалығымен әнші карантин уақытында берген онлайн концерті кезінде бөлісті. Ол өзін біраз уақыт мазалаған ауыр дерттен күрделі отаның арқасында айығып шыққанын жеткізді.

"Өткен жылы осы кезеңдерде басымнан үлкен дерттен құтылдым. Он сағаттық ота жасалды. Бәрі алаңдап, сұрап жатыр. Денсаулығым бүгінде жақсы. Бәрі керемет, бәрі артта қалды. Бір түс көргендей болып қалды" , - деді Медеу Арынбаев.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар әншілер онлайн концерттер бере бастағанын жазған болатынбыз. Алғашқылардың бірі болып, ел алдына шықпай кеткен Жұбаныш Жексенұлы өз тыңдармандарын қуантты. Одан кейін бұл бастаманы Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев жалғастырған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басына туған ауыр жағдайда ел еңсесін көтерген әртістерге өз алғысын білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848551-bri-artta-kaldy-medeu-arynbaev-auyr-dertten-ajykkanyn-ajtty/

pixel