Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында коронавирус тарауы мүмкін төрт ошақ анықталды

Опубликовано:

Қарағанды облысында қауіпті коронавирус инфекциясы тарауы мүмкін төрт ошақ анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Twitter

Оларды санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметкерлері мен полиция бақылауына алды. Аталған мекенжайда тұратын адамдар 14 күнге оқшауланды. Тұрғындарға көшеге шығуға тыйым салынды. Екі ошақ Теміртауда нотариус болып қызмет еткен қарағандылықтың өлімінен соң анықталып отыр.

"Бұл коронавирустан қайтыс болған науқас тұрып, жұмыс істеген жерлер. Барлық байланыста болған адамдар табылды. Олардың жалпы саны 56",- деді өңірдің бас санитар дәрігері.

Осыған дейін коронавирус тарауы мүмкін ошақ ретінде Қарағандыдағы Астана ықшам ауданында орналасқан көпқабатты үйдің подъезі танылған еді. Науқаспен байланысқан адам тұрған подъезд амбарлы құлыпқа жабылған болатын. Аталған жағдай БАҚ беттерінде қызу талқыға түскен соң құлып алынып тасталды. Дегенмен, үй тұрғындарына баспанадан шығуға тыйым салынды. Қазір оларды полиция күзетуде.

Еске сала кетсек, бүгін елімізде үшінші адамның коронавирустан көз жұмғаны хабарланды. 62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған.

Бүгін таңғы 7-де науқас жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848430-karagandy-oblysynda-koronavirus-tarauy-mmkin-trt-osak-anyktaldy/

pixel