Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавирусты емдеудің жаңа әдісін тапты

Опубликовано:

Мамандар коронавирустан айыққан адамдардың қанын құю арқылы жаңа науқастарды емдеуге көмектесуі мүмкін. Бұл туралы Гонконг университетінің ғалымдары мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мамандар сириялық атжалмандарға ғылыми тәжірибе жасап көрді. Олардың ACE2 ақуыздары адамдардыкіне ұқсас келеді. Ғалымдардың мәліметінше, дәл осы органикалық зат арқылы коронавирус ағзаға түседі.

Зерттеушілер кеміргіштерге SARS-COV-2 инфекциясын енгізіп, кейіннен ағзаларында антиденелер бөліп шығарып, аурудан айыққан сүтқоректілерді іріктеп алды. Олардың қаны негізінде дайындалған сарысу сау атжалмандарға құйылды. Содан соң бұл топқа да инфекция енгізген.

Тәжірибе нәтижесінде анықталғандай, сарысу салынғаннан кейін кеміргіштердің ағзасына түскен вирустық жүктеме он есе төмен болған. Ғалымдардың пікірінше, бұндай тәсіл адамдардың да вирустан жазылу процесін айтарлықтай жеңілдетуге көмектеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей ғылым академиясының мамандарының қатысуымен COVID-19 коронавирусы тудыратын инфекцияларды емдеуге болатын үш препарат әзірленгенін жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848369-galymdar-koronavirusty-emdeudi-zaa-disin-tapty/

pixel