Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 сәуірде коронавирус жайлы әзілдеген Таиланд тұрғындары түрмеге қамалмақ

Опубликовано:

Таиландта бірінші сәуір – "алдау күніне" орай коронавирусқа қатысты әзілдер таратқан үшін ірі көлемде айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы Таиланд бас прокуратурасының өкілі Косонлават Интучунёонг өзінің Facebook парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Российская газетаға" сілтеме жасап.

Таиланд, Бангкок. Фото: Getty Images / Lauren DeCicca
Таиланд, Бангкок. Фото: Getty Images / Lauren DeCicca: Getty Images
"Назар аударыңыздар! Төтенше жағдай режимінде 1 сәуір – алдау күні интернет, әлеуметтік желі, БАҚ арқылы таралған коронавирусқа қатысты әзілдер мен жалған ақпараттар үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және/немесе 40 мың таиландтық бат (1,3 мың долларға жуық) көлемінде айыппұл қарастырылған", – деп жазды Косонлават.

Джон Хопкинс университетінің ақпарынша, қазіргі уақытта әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 826,2 мың оқиғасы тіркелген. 40 708 адам вирустан көз жұмды, 174 115 науқас індеттен жазылып шыққан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таиланд королінің коронавирусқа байланысты 20 нақсүйерімен бірге шетелдегі қонақ үйде оқшауланғанын жазған едік.

Неміс басылымдарының ақпарынша, 67 жастағы Таиланд королі карантин мезгілінде германиялық төрт жұлдызды Grand Hotel Sonnenbichl қонақ үйінің барлық бөлмелерін сатып алып, онда өзінің ондаған нақсүйерімен орналасқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848322-1-suirde-koronavirus-zajly-zildegen-tailand-trgyndary-trmege-kamalmak/

pixel