Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ТЖ кезінде көкпар мен құдалық ұйымдастырған тұрғындар жазаланды

Опубликовано:

Жамбыл облысының Жуалы аудандық ІІБ полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жаппай іс-шаралар өткізудің екі фактісін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында ТЖ кезінде көкпар ұйымдастырған тұрғын қамауға алынды
Фото: kz.mir24.tv: UGC

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Талапты ауылының 46 жастағы тұрғыны жалпы тыйымға және коронавирустық инфекциядан қорғану шараларына қарамастан, үйінде өткен құдылыққа және қызының ұзату тойына қонақтарды шақырған.

Заң бұзған әйел адамға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігіне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 26510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге айыппұл салынған.

Сондай-ақ, ұлттық көкпар ойынының бастамашысы болған Нұрлыкент ауылының 37 жастағы тұрғыны да жауапкершілікке тартылған.

Көкпар 27 наурызда ауыл тұрғындары арасында өткізілген. Құқық бұзушы жеті тәулікке қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделгенін еске салады.

Сондай-ақ, төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкіліне бағынбағаны үшін ҚР ҚК-нің 379-бабына сәйкес қылмыстық жаза қарастырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғынының бес тәулікке қамауға алынғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848303-zambyl-oblysynda-tz-kezinde-kkpar-men-kdalyk-jymdastyrgan-trgyndar-zazalandy/

pixel