Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырласым еді": Мұхамеджан Тазабек Аманхан Әлімұлы туралы естелікпен бөлісті

Опубликовано:

"Асыл арна" телерадиокомпанияының бас директоры Мұхамеджан Тазабек 30 наурыз күні қайтыс болған белгілі қазақ ақыны Аманхан Әлімұлы жайлы естліктерімен бөлісті. Марқұммен жақын араласқан айтыскер оның тірісінде қандай адам болғанын айтып берді. Ол сырласының өмірден тым ерте өтіп кеткеніне өкінішін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mukhamedzhan_tazabek
Фото: Instagram/mukhamedzhan_tazabek: Twitter

Мұхамеджан Тазабек қазақтың арда ақыны Аманхан Әлімұлын есіне алып, Instagram желісінде оған жазба арнады. Айтыскерге оның қазасы аса ауыр тиген.

"Тірі кезінде пысықайлар менсіне қоймайтын, қылығы қожанасырлау, баладай сенгіш, алдасаң көнгіш адамдар болады. Елдің көбі мансапты, маңғаз, дәулетті, дәукес адамдардан ығып, соларға үйірсектеп, солардың қырына түсіп қалудан қорқып, жақсыға жанаса алмай жүргенде, әлгіндей әпенді көрінгенімен арғы жағы аппақ, қоңырқай көрінгенмен, ұлт жолында күрескер, дәудірлеп сөйлегенмен, таразысы әділ, аңғал болғанмен жеме-жемде сатпайтын, адал адамдар өмірден өтіп те кетеді.

Бір бармағын ішіне бүккендер көбейген заманда, сырдың суындай көпке ортақ, қырдың самалындай аңқылдап тұратын Аманхан ағадан айырылғанымыз - бәрімізге ауыр тиді. Ұлы сапарда бірге болып, қасиетті Меккеде қызметін жасап ек, Күлай жеңгейдің қолынан шәй ішіп, біздің де шаңырақтан дәм татқан еді, жымиған жүзі көз алдымызда, өнегелі әңгімесі құлағымызда тұр. Өтірік айта алмайтын еді. Атеистік кезеңде бүлдіргенін де, тәубе ғып үлгергенін де бүге-шігесіне дейін қалдырмай "о,тоба, қалай байқамағанбыз, өліп қалмай осы күнге қалай жеткенбіз.

Әуелі Аллаға, одан кейін мына жеңгелеріңе рахмет" деп, сәбидей таң қалып, ақтарыла әңгімесін айтып отыратын еді. Тегі сахабаларға барып тірелетін, тас жинамай дос жинаған, өмірден өте сала, таныған елдің бәрі "ақ жүрек еді, адал еді, жақсы еді" деген сөздерді жабыла айтуына лайық өмір сүрген, сырлас, сыйлас, арда азамат Аманхан ағама Алла жар болсын! Алды пейіш, арты кеніш болсын" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, 30 наурыз күні елімізге танымал ақын Аманхан Әлімұлы өмірден өтті.

Алғашұылардың бірі болып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмныңн отбасына қайғыра көңіл айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848297-syrlasym-edi-mhamedzan-tazabek-amanhan-limly-turaly-estelikpen-blisti/

pixel