Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы карантинге жабылады

Опубликовано:

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы карантинге жабылады. Бұл туралы өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың короновирусқа байланысты тұрғындарға үндеуінде айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Облыс әкімінің сөзінше, қазіргі уақытта Қызылорда облысында короновирус індетімен ауырған 18 азамат тіркелген. Жағдай күрделене түсуде.

Бүгінде бұл азаматтардың 5-еуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 13-і Жанақорған ауданаралық ауруханасына жатқызылған. Осы науқастармен қарым-қатынаста болған 388 адам анықталған.

Оның ішінде 101-і тығыз қарым-қатынаста болған. Барлық азаматтар карантиндік бақылауға алынған.

"Негізінен ең алғашқы анықталған адаммен қарым-қатынаста болған науқас арқылы 13 адамға вирус жұққан", - дейді өңір басшысы.

Белгілі болғандай 31 наурызда жаңадан тіркелген 9 адамның 8-і бір үйдің тұрғындары. Оның ішінде 3-еуі 14 жасқа дейінгі балалар.

"Қазір барлық қажетті іс-шаралар қолға алынуда. Қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқшалануда. Індет анықталған жерлер әскерилер мен жергілікті мекемелер арқылы залалсыздандырылады.
Қалыптасқан жағдайға байланысты Жаңақорған ауданын карантинге жабу туралы тапсырма берілді. Көліктердің кіріп-шығуына барынша шектеу қойылуы тиіс. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін осындай шаралар қолдануымыз қажет", - дейді Әбдіқалықова.

Сонымен қатар облыс әкімі қызылордалықтарға үндеуінде, короновирустың таралуының алдын алу талаптарын қатаң сақтап, тұрғындарға дерттен оқшаулануға кеңес берді. Себебі кез келген адам вирус жұқтырып алуы мүмкін.

Сондай-ақ, аймақ басшысы елді жөнсіз дүрліктірмес үшін ресми ақпараттарға сүйену қажет екенін еске салды. Ал төтенше жағдай талаптарын бұзғандарға заң аясында қатаң шаралар қолданылмақ.

Айта кетейік, өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00-ге дейін Қызылорда қаласында карантин және Қызылорда облысы аумағы бойынша шектеу шаралары енгізілді.

Сонымен қатар облыста қай бағыт бойынша блок-бекет қойылғаны да хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848272-kyzylorda-oblysyny-zaakorgan-audany-karantinge-zabylady/

pixel