Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ кезінде берілетін 42 500 теңгелік көмекті ресми тіркелмей жұмыс істегендер де алады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы 42 500 теңге көлемінде берілетін көмекті алатындар санатын кеңейтуді тапсырды. Бұл туралы Тоқаев еліміздегі телеарналардың тікелей эфирінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42 500 теңгелік көмекті ресми тіркелмей жұмыс істегендер де алады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.
Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі", - деді президент.

Президенттің айтуынша, сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейетін болады.

Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар алады. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты халыққа мәлімдеме жасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848249-tz-kezinde-beriletin-42-500-tegelik-kmekti-resmi-tirkelmej-zmys-istegender-de-alady/

pixel