Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әр елдің дәстүрлері

Опубликовано:

Баланың дүние есігін ашуы – бүкіл отбасы асыға күтетін қуаныш. Нәрестенің дені сау және бақытты болып өсуі үшін отбасымен алғашқы кездесуін тойлау түрлі дәстүрлер мен рәсімдермен қатар өтеді. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар. Дүниежүзінің әр бөлігіндегі нәрестелердің алғашқы күндерінде әртүрлі қызықты әдет-ғұрыптар болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаладағы фотосурет жобасы жаңа туған балалардың барлық жаман істерден қорғау, анасының сәбиін қарсы алуы және оларға өмірдегі ең қажеттіні сыйлауға көмектесетін әртүрлі халықтар құрметтейтін дәстүрлермен таныстырады.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

«Су эффектісі» акциясы аясында WaterAid-те балалардың кездесуі туралы тамаша фотосуреттер мен әңгімелер жарияланды. Науқанның мақсаты – аналар мен сәбилерді қорғау және әйелдерге таза су мен жақсы гигиена бар лайықты жағдайда босануға мүмкіндік беру. Ол үшін акцияны ұйымдастырушылар бүкіл әлемде денсаулық орталықтарын ашады.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ұлыбританиядан Үндістанға, Жапония мен Африкаға дейін: әлемнің түкпір-түкпірінде жаңа туған нәрестелерді қалай қарсы алатындығын көріңіздер.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Жапония: 29 жастағы Нацуми есімді жас ана өзінің бір айлық қызы Миваны «окуизомэ» деп аталатын алғашқы салтанатты ас кезінде тамақтандырып отыр.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Замбия: 18 жастағы Линети бір айлық қызы Марияны шомылдыруда. Баланы зұлым рухтардан қорғау және денсаулығын сақтау үшін тұнба ағаштың тамырын қосып жасалады.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Нигерия: ағаш бұтақтарын тамырға сіңіру үшін арнайы ыдыста суда ұстайды. Бұл рәсім Нана Фатсума деп аталады. Жүкті әйел босануды тездету үшін ерітіндіні ішеді.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мадагаскар: 21 жастағы Ном өзін және жаңа туған баласын күн мен зұлым рухтардан қорғау үшін бетін ерекше оюмен бояған. Бояу сандал ағашының қабығы мен су қосу арқылы жасалады.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Уганда: 30 жастағы Нагит және оның 32 жастағы күйеуі Ломер, бес үлкен баласымен бірге жаңа туған нәрестеге бата сұрайды. Салт қою үшін суда жұмсарған этоподжо ағашының қабығын қолданады. Ағаш талшықтары баланың білектері, алақаны, мойны мен беліне байланған.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Гана: 21 жастағы Мэри, күйеуі Сэмпсон және екі жасар ұлы Натаниэлмен бірге Нила деп аталатын рәсімді өткізеді. Болашақта эпилептикалық конвульсияның алдын алу үшін жергілікті емші баланың бетіне кішкене тілім жасайды.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Швеция: 31 жастағы Себастьян мен 34 жастағы Мария Гарри жаңа туған ұлын ұстап отыр. Ауруханада ұлының кіндігін батыл әкесі өзі кескен.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Уганда: отбасы Ломоның дүниеге келуін тойлап жатыр. Авас әжесі жаңа туған нәрестені қарсы аларда татулық пен бірліктің белгісі ретінде бір шыныаяқтан ішетін сыраны қайнатқан.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

АҚШ: 38 жастағы Роберт пен 37 жастағы Мариса төрт айлық қызы Эммелинді шоқындыру рәсімінен өткізуге әкелді. Рәсім рим-католиктік шіркеуінде өтеді. Католиктер баланың басын қасиетті сумен жуса, алғашқы күнәні тазартады деп сенеді.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Малави: әжесі Мелис өзінің жаңа ғана Берта есімді сәбиді дүниеге әкелген 26 жастағы қызы Люсияға ботқа пісіруде. Тағам соя, жүгері және қанттан жасалады. Ботқа жаңа босанған әйелге қажет күш-қуат береді деп саналады.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Замбия: Эстелидің 62 жастағы әжесі екі апталық сәби Мутинтумен бірге қорғаныс рәсімін жасайды. Ол нәрестенің мойнына дәстүрлі какондэ алқасын тағады, ол құрттардан, диареядан және жаман пиғылдардан қорғайды.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Гана: Вида Косото рәсіміне қатысады. Әйел өзінің ұлы Давидті дүниеге әкелген соң, туыстары ағаштың қабығын жинап, оны суға қайнатып, болашақ жүктілік кезінде оны асқазан ауруынан қорғау үшін жас ананың үстіне қайнаған сұйықтықты төгеді.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Шотландия: 35 жастағы Росс пен 32 жастағы Аманда бес апталық қызы Эмманың қолына күміс тиын ұстатады. Бұл дәстүр нәрестеге сәттілік пен байлық кезіктіреді екен.

Жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайды: Әртүрлі елдің дәстүрлері
Фото: bigpicture.ru: UGC

Үндістан: Анасы екі жасар Критиканың көзі мен маңдайына зұлым рухтардан қорғау үшін күйе жағуда.

Сәбидің дүниеге келуі – жер бетіндегі ең үлкен ғажайып. Адамдар жаңа туған нәрестені қарсы алу кезінде қандай дәстүрді ұстанатыны маңызды емес. Ең бастысы, ата-анасының жүрегі махаббат пен мейірімділікке толы. Мейірімділік пен қамқорлықта өскен бала әрине бақытты болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін қырық жасқа жетпей дүниеге 38 бала әкелген жалғызбасты әйел әлемді таңғалдырғаны жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1847491-zaa-tugan-balany-ple-zaladan-kalaj-saktajdy-r-eldi-dstrleri/

pixel