Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кофенің бетіне ғажайып сурет салатын кореялық бариста жайлы не білеміз

Опубликовано:

Канбин Ли Оңтүстік Кореяда, Сеул қаласындағы кофейнялардың бірінде бариста болып жұмыс істейді. Жас жігіт кофенің жұмсақ әрі ғажайып дәмін ойлап табуды бұрыннан армандаған. Нәтижесінде ол Cremart жасап шығарды, бариста өз өнерін осылай атайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru-сілтеме жасап.

Кореялық бариста кофе көбігінде сурет салады
Фото: instagram.com/leekangbin91: UGC

Канбин өзінің ғажап туындыларын Instagram желісінде жариялап отырады. Ол гүлді үйлесімдерді, жануарларды, Дисней кейіпкерлерін және танымал суретшілердің классикалық картиналарын жасауды ұнатады.

Еске сала кетсек, бұған дейін әйгілі Диордың музасы болған қазақ қызы Алла Ильчун туралы жазған едік.

Оны әйгілі Диордың өзі оны бақ әкелер бойтұмарым деп таныған. Алла Ильчун дизайнердің сән үйі құрылғалы бері жанында болған.

Сондай-ақ, белгілі фотограф Дмитрий Доценко төтенше жағдай мен карантин жарияланғаннан кейін бос қалған Алматы көшелерін суретке түсіргенін жазған болатынбыз.

"Қаңырап қалған қаланы, соның ішінде әл-Фараби, Барахолка, Шығыс айналма жолының бос қалған кезін көргенсіз бе? Бүгін таңертең босап қалған қаламен серуендедім. Тамақ ішетін қоғамдық орындар жабық, адамдар аз, көліктер де көп емес. Бос көшелерді байқап, осы кадрларды жасадым.
Біреулер ауа тазарып, кептеліс жоқ деп қуанады. Ал мен, керісінше, шулы Алматыны, кептеліс, базарларымен қоса, кафе және көшелердегі үздіксіз қимылы үшін жақсы көремін. Қала тезірек бұрынғы қалпына келгенін қалаймын!", - дейді Дмитрий Доценко.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1847417-kofe-betinde-gazajyp-suret-salatyn-korealyk-barista-zajly-ne-bilemiz/

pixel