Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленейін деп отырған жастар айырылысты": Коронавирус қазақ тойына қалай әсер етті

Опубликовано:

Коронавирус індеті дүниежүзін әбігерге салуда. Қазіргі уақытта дертті 1 миллионнан астам адам жұқтырып, оның 100 мыңға жуығы көз жұмды. Осыған байланысты ел билігі қауіптің алдын алу мақсатында біршама шараларды жүзеге асырды. Соның бірі – жиын той мен асқа тыйым салуы. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы 29 наурызға тойын белгілеп, шаңырақ көтерудi жоспарлаған алматылық тұрғынның пікірін білді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Ер адам наурыз айының 29 жұлдызына үйлену тойын жоспарлаған.

“2020 жылдың қаңтар айында ресторан тауып, 29 наурызға той күнін белгіледік. Тойханаға алдын ала 500 мың теңге төледік”, - деп сөзін бастады ол.

29 жастағы алматылық тойға тыйым салу оған және жанұясына қалай әсер еткенін айтып берді.

“Тойдың болмайтыны маған ғана емес, жанұяма да кері әсерін тигізді. Қонақтардың басым бөлігі еліміздің түкпір-түкпірінен келу керек болатын. Олар “менің тойыма барамыз” деп арнайы алдын-ала пойызға, ұшаққа билет алып қойған. Кейбіреулері жұмыстарынан арнайы демалыс сұраған көрінеді. Бұл жағдайды естіген соң, туыстарым темір жол мен әуежайдың кассаларына барып, ұзын-сонар кезекте тұрып билеттерін өткізген. Арасында ақшаларын толық қайтара алмағандар да болды”, - деді ол.

Одан бөлек, алматылық үйлену кешін жоспарлаған ресторанмен де аздап түсінбеушілік болғанын жасырған жоқ.

“Тойханаға барып, ақшамды қайтаруды сұрасам, олар ақшамды бергісі келмеді. Әкімшілік мерекелік кештің датасын басқа уақытқа ауыстыруды сұрады. “Осылай жасасаң” 500 мың теңгенің сақталатынын айтты. Ақырында, араға заңгер досымды салып жүріп, ақшамды әрең дегенде қайтардым”, - деді ер адам.

Күйеу жігіт тойының қашан болатынын дөп басып айта алмайтынын жеткізді.

“Карантиннің қай күнге дейін жалғасатынын ешкім нақты бімейді. Бұл – Бір Аллаға аян. Менің ғана емес, елімізде той жасайтындардың басынды осы жағдай болды деп ойлаймын. Коронавирус салдарынан үйленейін деп отырған жастардың айырылысып кеткенін де естідім... Ал бізде барлығы жақсы. Алла амандық берсе, той алдағы уақытта өтеді деп үміттенемін”, -деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847336-jlenejin-dep-otyrgan-zastar-ajyrylysty-koronavirus-kazak-tojyna-kalaj-ser-etti/

pixel