Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс уақытында мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген директорлар жазаланды

Опубликовано:

Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде және көктемгі демалыс уақытында мұғалімдерді мектепке жұмысқа шақырған директорлар жауапқа тартылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"COVID-19 жұқтыру қаупін азайту бойынша шараларды күшейту аясында қабылданған ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагогтер көктемгі демалыс уақытында қашықтық режимінде жұмыс істейді. Алайда, кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген.
Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс.

Сондай-ақ, министрлік пандемия кезеңінде педагогтердің еңбек ақысы толық көлемде сақталатынын, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның барлық мектебінде каникул 16 наурыздан басталып, 5 сәуірге дейін жалғасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847193-demalys-uakytynda-mgalimderdi-zmyska-sakyrgan-mektep-direktory-zazalandy/

pixel