Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алып қашпау үшін қыздарының бетіне тату салатын халық жайлы не білеміз

Опубликовано:

Те Хан Лин есімді фотограф Мьянмаға жасаған саяхатында чин халқының салт-дәстүрін зерттеп, фоторепортаж жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Алып қашпау үшін қыздарының бетіне тату салатын халық жайлы не білеміз
Фото: Те Хан Лин: UGC

Мьянманың биік тауларында әлі күнге дейін бұрынғы варварлық дәстүр бойынша әйелдері жүздерін көріксіз ететін тату жасауға мәжбүр чин халқы мекендейді. 12-14 жастағы қыздардың бетінде де ұсқынсыз сурет салынған. Тату салу бірнеше күнге созылатын көрінеді.

Аңызға сәйкес, қыздарының ажарын бұзу дәстүрі ерте уақытта шыққан. Әулеттің үлкендері қыздарын патша ұрлап, күңдікке салып қояды деп қорыққан екен.

Бұл салт 1960 жылдарға дейін сақталған, кейін ел үкіметі араласып, бұған тыйым салыпты. Алайда бүгінгі күні тыртықпен жүруге мәжбүр жасы үлкен әйел адамдардың түрінен ескі сенімнің көрнекі мысалын көруге болады. Сондай-ақ олар теріні созатын үлкен сырғалар тағады.

Алып қашпау үшін қыздарының бетіне тату салатын халық жайлы не білеміз
Фото: Те Хан Лин: UGC

Те Хан Лин есімді фотограф Мьянмаға жасаған сапары кезінде репортаж түсірген.

"Мьянмаға саяхаттауды жоспарлау кезінде елдегі тайпаларды зерттеп, чин халқына тап болдым", - дейді ол.
Алып қашпау үшін қыздарының бетіне тату салатын халық жайлы не білеміз
Фото: Те Хан Лин: UGC

Сарапшылар қыздардың бетіндегі суреттің шығу тарихы және оны жасаудағы түпкі мақсат жайлы алуан пікірді алға тартады. Соның ішінде ақылға қонымдысы – қыздарын ұрылардан қорғау үшін олардың келбетін әдейі бұзған. Кейін бұл дәстүр чин халқы мәдениетінде маңызды тәжірибеге айналған.

Алып қашпау үшін қыздарының бетіне тату салатын халық жайлы не білеміз
Фото: Те Хан Лин: UGC

Алып қашпау үшін қыздарының бетіне тату салатын халық жайлы не білеміз
Фото: Те Хан Лин: UGC

Суретте тайпаның аңшылықтағы олжаларының бас сүйектері бейнеленген.

Чин халқы қыздарын ұрылардан сақтау үшін беттеріне қорқынышты тату жасайды
Фото: Те Хан Лин: UGC

Те Ханның айтуынша, тайпа мүшелері сурет салуға қатысты тыйымға әртүрлі көзқараста болған. Бірі құп көрсе, кейбірі дәстүрді жалғастырған көрінеді.

Чин халқы қыздарын ұрылардан сақтау үшін беттеріне қорқынышты тату жасайды
Фото: Те Хан Лин: UGC

Чин халқы қыздарын ұрылардан сақтау үшін беттеріне қорқынышты тату жасайды
Фото: Те Хан Лин: UGC

Тайпаның ұлдары батыстық үлгіде киінген, бұл халықтың мәдениетінде орын алған өзгерістердің нақты белгісі.

Алып қашпау үшін қыздарының бетіне тату салатын халық жайлы не білеміз
Фото: Те Хан Лин: UGC

Тайпа адамдары фотографқа атам заманғы құралдарды қолдану арқылы күрделі суреттердің қалай салынғанын көрсетті.

"Сия ірі қараның өті, өсімдіктердің және жануарлар майының қоспасынан жасалған. Процестің өзі өте ауыр, әсіресе қабақтың нәзік аймағында және сурет салу күрделілігіне байланысты орташа есеппен бір-екі күн кетеді. Бет кем дегенде екі аптада жазыла бастайды".

Чин халқы қыздарын ұрылардан сақтау үшін беттеріне қорқынышты тату жасайды
Фото: Те Хан Лин: UGC

Мұнда чин отбасы үйінің ішкі көрінісі суреттелген.

Айта кетейік, бұған дейін хиджабтағы мұсылман қыздар арасындағы сұлулық байқауы қалай өтетінін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1847185-alyp-kaspau-sin-kyzdaryny-betine-tatu-salatyn-halyk-zajly-ne-bilemiz/

pixel