Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банк салымшыларға қолдау көрсету үшін салым мөлшерлемесін арттырды

Опубликовано:

Елде жарияланған төтенше жағдай, коронавирус, ұлттық валюта курсының құлдырауы секілді күрделі мәселелер қазақстандықтардың еңсесін түсіргені рас. Мұндай кезде өмірдің ағы мен қарасы қатар жүретінін еріксіз еске аласың.

Еуразиялық банк салымшыларға қолдау көрсету үшін салым мөлшерлемесін арттырды

Сондықтан әрбір сәтті бағалай жүргеніміз жөн.

«Мөлшерлемені көтеруге бағыт аламыз». eubank.kz сайтына дәл осылай деп жазған Еуразиялық банк қазіргі таңда орын алып отырған экономикалық жағдайда өз клиенттерінің қаржылық ахуалын жақсарту үшін депозиттер бойынша жоғары табыстылықты айқындауды ұсынғанын хабарлайды. Бұған үйден шықпай-ақ қол жеткізуге болады.

Наурыз айының 20-ы мен 25-і аралығында клиенттер «Турбо» депозиттері бойынша берілетін жоғары мөлшерлемеге қол жеткізіп, оны бір жылға дейін сақтап қала алады:

- «Турбо Депозит» салымы бойынша атаулы мөлшерлеме 12,2%-ға, жылдық тиімді мөлшерлеме 13,0%-ға тең;

- Толтыру құқығы бар «Турбо Депозит Жинақтаушы» салымы бойынша атаулы мөлшерлеме 12,28%-ға, ал жылдық тиімді мөлшерлеме 13,0%-ға тең;

- Толтыру құқығы жоқ «Турбо Депозит Жинақтаушы» салымы бойынша атаулы мөлшерлеме 14,14%,-ға, жылдық тиімді мөлшерлеме – 15,1%-ға тең.

Мөлшерлемесі жоғары депозитті өз бетінше, қашықтан, үйден шықпай-ақ, Smartbank қосымшасы арқылы ашуға болады.

Бұл, ең алдымен, банктің несиелік, карталық немесе депозиттік өнімдерін қолданатын қазіргі клиенттеріне қатысты.

Ал банктің өзге клиенттері жоғары мөлшерлемені алу үшін банк бөлімшесіне баруы керек. Бөлімшелердің мекен-жайы мен мереке күндеріндегі жұмыс кестесін банк сайтындағы «Бөлімшелер мен терминалдар» бөлімінен көруге болады.

Банктің арнайы ұсынысы 26 наурызға дейін әрекет етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846679-eurazialyk-bank-salymsylarga-koldau-krsetu-sin-salym-mlserlemesin-arttyrdy/

pixel