Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда оқшауланған үйдің тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр

Опубликовано:

Алматыда коронавирус инфекциясы тараған 10 орын қоршауға алынды. Енді ол жердегі тұрғындар уақытша сыртқы әлеммен байланыссыз өмір сүріп, ешқайда шыға алмайды. Оқшауланған аумаққа бөгде адамның да аттап басуына тыйым салынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Телеарна мәліметінше, қоршауға алынған үйлердің айналасында Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлері торуылдап жүр. Бұл аумаққа ешкім кіре алмайды. Ал іштегілер сыртқа шыға алмайды.

Оқшауланған үйдің тұрғыны Натали Робертс билік тарапынан ешқандай ескерту болмағанын жасырған жоқ.

"Қазір мына жерге келсем, адамдар менен қашып жатыр. Бұл не деген масқара?! Бізге алдын ала ештеңе айтылған жоқ. Ескерту болмады. Кәрі әке-шешем үйде жалғыз қалып қойды, мен де мына жердегі пәтерімде бір өзім қалдым", - деді ол.

Тұрғындар анализ алынбағанын, жақын маңда тек азық-түлік дүкені ғана жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.

Алмалы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мәді Қыдыров тұрғындардың дүкенге қалай баратынына тоқталды.

"Дүкеншімен қарым-қатынас жасамайды. Дүкеншіден біздің ережемізге сәйкес 1...2 метр қашықтықта сөйлеседі. Есік ұсталынбайды", - деді ол.

Телеарна мәліметінше, қалада эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша коронавирустың 10 ошағы анықталған.

Ұлттық гвардияның санитарлық қызметкерлері осы аумаутарда күніне екі рет залалсыздандыру жұмысын жүргізуде. Олар қоршалған тұрғын үйдің ауласын және подьездерін тазалайды. Бұл нысандарды да сарбаздар мен сақшылар қатаң қадағалап тұрғаны айтылды.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі пікір білдірді.

"Алматы қаласындағы 10 ауру ошағының үшеуі Алмалы ауданында, үшеуі Медеу ауданында, екеуі Түрксіб және бір-бірден Жетісу мен Алатау аудандарында анықталды. Инфекцияның таралу сипатына қосымша талдау жүргізгеннен кейін және эпидемиологтардың қорытындысын негізге ала отырып, ошақ аймағының шекарасы көппәтерлі үйдің подьездіне дейін қысқартылды", - деп түсіндірді ведомство.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846659-almatyda-oksaulangan-jdi-trgyndary-kalaj-mir-srip-zatyr/

pixel