Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда күріш, ұн, қант өнімдері адам басына 5 келіден ғана сатылады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімдігі қаладағы карантин кезінде азық-түлік өнімдерін сатуға қатысты жаңа ережелер енгізілгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қанттт
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Елордалық әкімдіктің ақпаратынша, бұдан былай ірі дүкендер мен сауда үйлерінде сусымалы тауарлардың сатылымына қатысты шектеулер енгізілмек.

Атап айтсақ, бір чекке 5 келіден артық сусымалы тауар түрі берілмейді. Мұндай шектеу ұн, қант, күріш сияқты тауарларды алып-сатарлардың сатып алмасы үшін қойылған.

Сонымен қатар, аталмыш сусымалы өнімдер мен кептірілген жемістерді ашық күйінде сатуға болмайды. Бұл тауар түрлері буып-түюлі болуы керек. Ал жемістер мен көкөністерді ашық күйінде сата беруге рұқсат етілген.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 44 вирус жұқтырған адам тіркелген. Оның ішінде 19 дерек Алматыда, 25 дерек Нұр-Сұлтанда анықталған.

Сондай-ақ Алматыда 750 адамның үй карантинінде жатқаны белгілі болды. Олардың барлығының дене қызуы нормаға сай.

Бүгін сағат 00:00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846297-nr-sltanda-kris-n-kant-nimderi-adam-basyna-5-keliden-gana-satylady/

pixel