Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Бір жыл бұрын ел тізгінін алу мәртебесі бұйырды

Опубликовано:

Осыдан бір жыл бұрын дәл 19 наурыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл айтулы датаны қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ұмытпаса керек. Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында бір жыл бұрын қандай мәртебе бұйырғанын еске алып, жазба жариялады.

" Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері,жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды.Мемлекетіміздің негізін қалаушы-Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды.Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады", -деді ол.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына сұхбат берді. Елбасы өз сөзінде өкілеттігін тоқтатқаны үшін өкінбейтінін айтты.

"Әрине, өкінбеймін, себебі бұл барлық тараптан ойластырылған шешім болды. Біріншіден, осы жылдар бойы мені сайлаған және мен мемлекет басшысы болған халыққа рақмет. Екіншіден, өзгерістер қажет. Ештеңе бір орында тұрмайды. Өзгерістер қажет, жаңа адамдар, жаңа кадрлар қажет. Кез келген басқа адам, оның өз көзқарасы бар. Сондықтан бұл толықтай ойластырылған қадам", - деді Елбасы

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846205-tokaev-bir-zyl-bryn-el-tizginin-alu-mrtebesi-bjyrdy/

pixel