Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақтанғанды, сақтайды": Отандық жұлдыздар коронавирустан қалай қорғануда (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары елімізде COVID-19 вирусына байланысты орын алған жағдайға асқан алаңдаушылық танытып отыр. Өнер иелері мемлекет басшысының ТЖ режимін енгізу туралы шешімін алғашқылардың бірі болып қолдап шықты. Оған қоса, эстрада өкілдері той-томалақтардан бас тартып, коронавирстан қорғану шарттарын барынша ұстанып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Отандық өнер жұлдыздарды әлеуметтік желілердің көмегімен мемлекеттегі жағдайға қатысты өз пікірін білдіріп, көпшілікті бірге жұмыла сақтануға шақырып жатыр.

"Әлемді айналып елімізге келген жағдайға бей-жай қарамайық.Сақ болыңыздар" , - деп жазды "МузАРТ" мүшесі Кенжебек Жанәбілов.

Мөлдір Әуелбекова өзге қазақстандықтар қатарлы супермаркетке барып, толтырып азық-түлік сатып алған. Сонымен қатар, әнші қай жерде жүрсе де бетпердесін шешпейтін болғын.

Айқын Төлепберген де өнердегі әріптестері секілді коронавирус мәселесіне асқан алаңдаушылық білдіруде.

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей инфекция жұқтырып алмас үшін Нұр-Сұлтаннан уақытша Шымкент қаласына кетіп қалмақ.

Сиви Махмуди отбасы мүшелерінің барлығына бетперде кигізіп, вирустан қорғану шарттарын бұлжытпай орындап жүр.

Шоқан Маратұлы мен Ернар Айдар да желіде COVID-19 вирусынан қалай қорғанып жүргенін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1846008-saktangandy-saktajdy-otandyk-zldyzdar-koronavirustan-kalaj-korganyp-zr-foto/

pixel