Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізіледі: ІІМ қалаға кіруге кімге рұқсат берілгенін хабарлады

Опубликовано:

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев бүгін карантинге жабылған Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына кімге кіруге рұқсат етілгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізіледі: ІІМ қалаға кіруге кімге рұқсат берілгенін жариялады
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

19 наурыздан бастап ІІМ Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрлігімен бірге Нұр-Cұлтан мен Алматы шекарасында бақылау өткізу пунктін қояды. Олар қалаларға кіру және шығу жолдарын шектейтін болады.

Барлық азаматтарға және барлық авто көліктерге қалалық шекараларды кесіп өтуге тыйым салынады, алайда бірқатар тұлғалар үшін ерекшеліктер болады.

Атап айтқанда, карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға осы қалаларда тіркелген тұлғалар кіре алады.

Сондай-ақ, әкімдіктер қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысатын "көшпелі" қызметкерлердің тізімін құруы тиіс.

Азық- түлік пен халық тұтынатын тауарларды жеткізетін көлік үшін де қалаға кіруге рұқсат бар.

Қиылысуға рұқсат қалаға азық- түлік пен халық тұтынатын тауарларды жеткізетін көлік үшін де қолданылады.

Тұрғынбаев ІІМ-нің барлық жеке құрамы қазір қызметтің "ерекше режимінде" екенін атап өтті. Полицейлердің ешқайсысы демалысқа шыға алмайды, іссапарға кете алмайды немесе қызмет атқару орнынан алыс кете алмайды деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтанда қазірдің өзінде карантиндік "сақинаның" шекарасын орнатуда, соған байланысты шектеулер қолданылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астана мен елордада 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілетінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845933-nr-sltan-men-almatyda-karantin-engiziledi-iim-kalaga-kiruge-kimge-rksat-berilgenin-zarialady/

pixel