Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елеусінов-Индиго жекпе-жегі өтпейтін болды

Опубликовано:

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы 17 сәуір Мэрилэнд штатындағы Оксон-Хиллде жоспарланған бокс кеші коронавирустың таралуын алдын алуға байланысты өтпейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елеусінов-Индиго жекпе-жегі өтпейтін болды
Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar: Instagram

Matchroom Boxing шараны басқа күнге белгілеуді қарастырып жатқаны белгілі болды.

17 сәуір күні MGM National Harbor кешіндегі басты жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы экс-чемпиондар Реджис Прогрейс (24-1, 20 КО) пен Морис Хукер (27-1, 18 КО) сынға түсуі керек болған. Сондай-ақ осы бокс кешінде отандасымыз Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) пен бұрын үш бірдей салмақ дивизионында чемпион болған намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) жартылай орта салмақта кездесуі жоспарланған еді.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.

Айта кетейік, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ал әлем бойынша бүгінгі күні қауіпті вирусқа шалдыққандардың саны 180 мыңнан асып кетті. Бұл көрсеткіш бір түнде 14 мың адамға өскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845881-eleusinov-indigo-zekpe-zegi-tpejtin-boldy/

pixel