Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінен шетелдік азаматтың мәйіті табылды

Опубликовано:

Екі күн бұрын, 15 наурызда Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінен шетелдік азамат өлі күйінде табылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінде шетелдік азамат өлі күйінде табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Астана" телеарнасының тілшілерінің анықтауынша, көз жұмған ер адам - тегі үндістандық, Ұлыбритания азаматы 53 жаста болған.

Ол Қазақстандағы мұнай компаниясында жұмыс істеген. Марқұм Ақтауға Атыраудан 5 наурызда келіпті.

Қонақ үй қызметкерлері болған жағдайға қатысты ешқандай ақпарат бермеген, алайда олардың шетелдікті өлі күйінде тауып алғаны белгілі.

Телеарнаның дерегінше, ер адам көшпек болыпты. Бірақ ол белгіленген уақытта тіркеу орнына келмеген. Осыдан соң қонақ үй қызметкерлері алаңдап, бөлме есігін қосалқы кілтпен ашыпты. Сол сәтте ер адамның өлі күйінде жатқаны анықталған.

Ер адамның өлер алдында спирттік сусын ішкені айтылуда.

Болған оқиғаға пікір білдірген полиция департаменті өлім себебін тек сот-медициналық сараптамадан кейін ғана жариялай алатындарын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, кеше Шымкент қаласындағы кәсіпорын аумағында тұншықтырғыш газға улану салдарынан төрт Өзбекстан азаматы қайтыс болған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1845759-aktaudagy-konak-jlerdi-birinen-seteldik-azamatty-mjiti-tabyldy/

pixel