Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың қазақстандықтарға қашан үндеу жасайтыны белгілі болды

Опубликовано:

Қазақстан президентінің ел тұрғындарына қашан үндеу жасайтыны белгілі болды. Мемлекет басшысының үндеуі ел аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаевтың қазақстандықтарға қашан үндеу жасайтыны белгілі болды
Фото: Ақорда: Twitter

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуін телеарналар арқылы бүгін сағат 14.00-де жасайды.

Мұндай хабарлама Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған.

Жазбада президенттің жолдауы бүгінгі күннен бастап ел аумағына енгізілген төтенше жағдай жөнінде болатыны айтылған.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Президентің кеңесшісі Ерлан Қарин елімізге төтенше жағдайдың не себепті енгізілгенін айтып берді.

Оның сөзінше, шектеу шаралары вирустың ел аумағында таралуының алдын алу үшін сондай-ақ, қазақстандықтардың игілігі үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтау үшін жасалып жатыр.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде тоғыз коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Жеті науқасы Алматыда, тағы екеуі елордада. Айта кетсек, вирус жұқтырғандардың бірі 12 жастағы жасөспірім.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845603-tokaevty-kazakstandyktarga-kasan-ndeu-zasajtyny-belgili-boldy/

pixel