Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қай оймен барды": Динара Сәтжан коронавирус кезінде шетел асқан отандастарын сынға алды

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлем бойынша коронавирус тарап жатқанына қарамастан, шетелге ұшып кеткен қазақстандықтарды сынап тастады. Ол қиын уақытта қауіпті елдер тізімінде екінші орында тұрған Италия мемлекетіне барған отандастарын мүлдем түсіне алмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dinarasatzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dinarasatzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дизайнердің сөзінше. олар бұл әрекетімен өз туғандарын ғана емес, айналасындағы адамдардың да өміріне үлкен қауіп төндіріп жатыр.

Динара Сәтжан Instagram желісіндегі парақшасында азулы жазба жариялап, оны коронавирус шарықтап тұрған елдерге саяхаттап барғандарға арнады.

"Еуропадан Қазақстанға ұшып бара жатқан адамдар не ойлайды екен осы? Олар өз туғандарымен қоса, айналасындағы адамдарға қауіп төндіруі мүмкін екенін түсіне тұрса да, шетел асып кетті. Бұл әрекетке қай оймен барады? Қауіпті елдер тізімінде екінші орында тұрған Италияға қалай ұшып баруға болады?

Баян Мақсатқызы екеуміз 13 наурыз күні Грузияға ұшу керек болғанбыз. Алайда, бір наурыздың басында-ақ билеттер қайтарылмаса да, сапарымыздан бас тарттық. Айта кетейін, Грузия коронавирус рейтингісіне кірмейді. Коронавирус Қытайдан келіп жетеді деп қорыққан едік. Нәтижесінде, Еуропадан келді.

Сақтанғанды құдай сақтайды. Бұдан былай бетперделер, антисептиктер, спирт және сабын - біздің ең жақын достарымыз болмақ. Жылы су ішіп, өзіміз отырған бөлмені ылғалдандырамыз. Таза ауада көп серуендеп, имунитетімізді көтереміз. Және ең бастысы, байбалам салудың қажеті жоқ" , - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін елге оралмақ болған қазақстандық студентті халық қарғап тастағанын жазған болатынбыз. Францияда білім алған бойжеткен коронавирус салдарынан оқуын тоқтатып, Қазақстанға қайтуға мәжбүр болған. Алайда, 23 жастағы арудың еліне қайтып келгенін қалмаған отандастары оны желіде сөгіп тастады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845601-kaj-omen-bardy-dinara-stzan-koronavirus-kezinde-setel-askan-otandastaryn-synga-aldy/

pixel