Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа байланысты Алматы мешіттерінде дезинфекция жүргізілді (фото)

Опубликовано:

Коронавирусқа байланысты Алматы қалалық мешіттерінде қажетті дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, ғибадатхананың іші толығымен залалсыздандырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Azan.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі: Instagram
"Құрметті жамағат, қала тұрғындары! Сіздерді, ҚМДБ үндеуіне сай хәрекет жасап жатқан алматылық имамдарды қолдай отырып, төменде келген бірқатар сақтық шараларына мән беруге шақырамыз: Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
намаздан тыс мешітте топтаспау; мешітке үйден дәрет алып келу; мешітке кіргенде және намаздан соң қол беріп амандаспау; намаздан кейін көп кідірмей, мешіттен шығу. Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу және қариялардың, науқастар мен әйелдердің жамағат намазына қатыспауы.
Алдағы кезде уақытша Жұманың қазақша уағызы айтылмайды. Намаз уақыты кірісімен, жұма намазы оқылатын болады. Жамағатпен тәспих тартылып, дұға жасалынбайды. Бұл тек жұма намазына қатысты. Қалған намаз уақытында ішкі тәртіппен жүретін болады.
Алла баршамызды ауру-сырқау мен қауіп-қатерден сақтасын. Әмин!", - делінген Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі: Instagram

Еске сала кетсек, 12 наурызда әлем халықтарына үрей тудырып жатқан коронавирустың алдын алу шараларына қатысты ҚМДБ арнайы үндеу жариялаған болатын.

Онда отандастырымыз бен мұсылман қауымын көпшілікпен өтетін ас-садақа мен жиындарды, іс-шараларды мүмкіндігінше кейінге шегеруге шақырған болатын. Сонымен бірге жамағатпен оқылатын жұма мен бес уақыт намазға қатысқан жағдайда құлшылықтан кейін қол беріп амандасудан, бір орынға жиналып дұға етуден сақтану қажеттігін атап көрсетілді.

Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
мешіт: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845585-koronaviruska-bajlanysty-almaty-mesitterinde-dezinfekcia-zrgizilude-foto/

pixel