Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келуші болма": Елге оралмақ болған қазақстандық студентті халық қарғап тастады

Опубликовано:

Францияның Нанси қаласында оқып жатқан 23 жастағы Ардақ Шегебек күллі әлемге қауіп төндіріп тұрған коронавирус пандемиясы салдарынан шетелдегі оқуын тоқтатып, елге оралуға мәжбүр болған. Жақын арада Қазақстанға қайтататынына аса қуанған студент қыз бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліседі. Алайда, туған жеріне қайтып келетін ару үшін барлығы қуана қоймаған. Бойжеткен желіде өз отандастарының қарғысына тап болған. Олар бойжеткеннің елге оралуын қаламайтынын ашық айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қазақстандықтар тарапынан сөгіс естіген студент қыз желіде өз жанайқайын жеткізді. Ардақ Шегебек арнайы видео жариялап, онсыз ауыр жағдайда өз отандастарының қарғап тастағаны жанына қатты батқанын айтты.

Сонымен қатар, бойжеткен өзінде қауіпті вирус белгілері мүлдем жоқ екенін жеткізді. Алайда, ол ұшақта қандай адамдармен болатынын өзі білмейтін болғандықтан, денсаулығы үшін алаңдайтынын мойындады.

"Бәріне сәлем, соңғы видеомнан кейін маған түрлі адамдар жаза бастады. Олардың басым көпшілігі Қазақстанға келе алмайтынымды, кейбірі тіпті "келуші болма" деп те жазды. Достар менде де интернет бар, менде жаңалықтарды үзбей күнде оқып отырмын. Бірақ, сіздердің сөздеріңіз маған аса ауыр тиді. "Қазақстанға коронавирус алып келме өзіңмен бірге, сол елде қал, келме" , деп жаздыңыздар. Кешіріңіздер, бірақ менде вирустың ешбір белгісі жоқ.
Ауырып та жүрген жоқпын. Онсыз да қиын жағдайда бола тұра сонша негатив есту еңсеңді түсіріп те жібереді екен. Оған қоса, ұшақта қасымда қандай адамдар болатынын мен білмеймін ғой. Сол себепті, ондай нәрселерді жазудың қажеті жоқ. Қолдау білдіре алмасаңыздар ештене жазудың қажеті жоқ. Айтайын дегенім: Сіздер солай айтты екен деп, мен өзімнің еліме оралмай қоймаймын. Өтініш, мұндай көңілге тиетін сөздерді жазбауларыңызды сұраймын. Менде Қазақстан азаматымын" , - деді алматылық ару.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген бойжеткен өз елінде өзін анағұрлым қауіпсіз сезінетінін айтты.

"Коронавирус пайда болғалы бұл қалада адамдар маған қорқынышпен қарай бастады. Дүкен болсын, дәріхана болсын. Қайда кірсем де бәрі менен қашқақтай бастайды. Өз елімізден басқа ешкімге керек емеспіз. Сол үшін Қазақстаныма қайтып бара жатқаныма қуаныштымын" , - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845582-kelusi-bolma-elge-oralmak-bolgan-kazakstandyk-studentti-halyk-kargap-tastady/

pixel