Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік нан өнімдерін сыртын қаптап сатуды ұсынды

Опубликовано:

Халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында сауда және интеграция министрлігі нан өнімдерін сырты оралған күйінде сатуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Нан және кондитер өнімдерін сырты қапталған күйінше сатқан дұрыс. Сонымен қатар, азық-түлік сатпайтын базарлар таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істегені дұрыс", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин елде не себепті төтенше жағдай режиімі енгізілгенін түсіндіріп өтті.

Оның сөзінше, шектеу шаралары вирустың ел аумағында таралуының алдын алу үшін сондай-ақ, қазақстандықтардың игілігі үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтау үшін жасалып жатыр.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны тоғызға жетіп отыр. Оның екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі Алматы қаласында станционарлық ем қабылдап жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845565-ministrlik-nan-nimderin-syrtyn-kaptap-satudy-syndy/

pixel