Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Опубликовано:

Өзбекстанда алғаш рет коронавирус COVID-19 анықталды. Жұқпалы ауру Франциядан оралған өзбекстандықтан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзбекстанда коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
Фото: Kyle Grillot/Bloomberg via Getty Images: UGC

Өзбекстан азаматының коронавирусты жұқтырғанын ел билігін бүгін, 15 наурыз күні растады деп жазады РИА Новости.

Ауруды жұқтырған азамат туралы толыққанды ақпарат жоқ. Оның Франциядан үйіне ұшып келгені белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, Семейде Дубайдан келген Оңтүстік Африка Республикасының азаматы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, 12 наурызда шетелдік азамат өзін жайсыз сезіне бастаған.

Айта кетейік, бүгін, 14 наурыз күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Олардың бірі - Алматыға Мәскеу қаласынан ұшып келген ер адам, екіншісі - Нұр-Сұлтан қаласына Варшавадан келген әйел. Осылайша, елімізде аталған диагнозбен ауыратындар саны 6-ға жетті.

Әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845454-zbekstanda-koronavirusty-zktyrudy-algasky-zagdajy-tirkeldi/

pixel