Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макгрегор әпкесінің коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады

Опубликовано:

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор сүйікті әпкесінің қытайлық коронавирустың салдарынан көз жұмғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Макгрегор әпкесінің коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады
Фото: instagram.com/thenotoriousmma: UGC

Аралас жекпе-жек жұлдызы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің әпкесінің өлімі жайлы телефон арқылы білгенін мәлімдеді. Макгрегор жазбасында анасының туған әпкесі туралыайтты.

Спортшы оқырмандарын жеке бас гигиенасын сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ЖОО мен колледждердің жатақханаларындағы студенттер үйлеріне қайтарылып жатқанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус инфекциясының таралу қаупі аясында еліміздегі мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Бұл шешімді елорданың бас санитар дәрігері қабылдайды.

Қазіргі таңда Алматыда барлық кинотеатр, мұражай, зоосаябақ мен кітапхана жабылды.

Ақ халаттылар коронавирус инфекциясын жұқтырған Алматыдағы төрт науқастың жағдайы туралы айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1845425-makgregor-pkesini-koronavirustan-kajtys-bolganyn-habarlady/

pixel