Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UEFA коронавирусқа қарамастан ЕЧ-2020 ойындарын өткізуді сұрап отыр

Опубликовано:

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (UEFA) Еуропа чемпионаты-2020 матчтарына қатысатын елдер билігінен коронавирустың таралуына қарамастан турнирді белгіленген мерзімде өткізуге жағдай жасауды сұрайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: calcionapoli1926.it
Көрнекі фото: calcionapoli1926.it: Twitter

Еуропа чемпионаты 60 жылдық мерейтой құрметіне орай 12 маусым мен 12 шілде аралығында 12 қалада: Санкт-Петербургте, Лондонда, Мюнхенде, Бакуде, Римде, Бухаресте, Дублинде, Копенгагенде, Бильбаода, Глазгода, Будапеште және Амстердамда өтеді. Турнирдің 12 маусым мен 12 шілде аралығында өтуі жоспарланып отыр.

Айта кетейік, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 11 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Ведомствоның Facebook желісіндегі ақпаратына сәйкес, бүгінде ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

"4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 "а" санаты бойынша – 1217, 1 "б" санаты бойынша – 189, 2 санат бойынша – 3244 адам медициналық бақылауда болды. ⠀ Барлығы 676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр. ⠀
11 наурызға барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 "б" санаты бойынша – 20 адам, 2-санат бойынша – 36 адам, 3-санат бойынша – 34 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр", - делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844838-uefa-koronaviruska-karamastan-ec-2020-ojyndaryn-tkizudi-srap-otyr/

pixel