Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димашты украиналық жанкүйерлері Киевте ерекше құрметпен күтіп алды (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Украинаға ұшып келді. Өнер иесінің 11 наурыз күні Киевте жеке концерті өтпек. Белгілі әртістің жанкүйерлері оны әуежайдан үлкен құрметпен күтіп алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com: UGC

Димаш Құдайбергенді украиналық әуежайдан күтіп алған сәттің фотолары мен видеолары әншінің әлеуметтік желідегі фан-парақшаларында пайда болды.

Көптеген суреттерді Dimash News сайты жариялады.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com: UGC

Кадрлардан әртістің тыңдармандарының ерекше дайындықпен келгенін байқау қиын емес. Олардың Қазақстан мен Украина туын, Димаштың суретін, гүлдер мен түрлі сыйлықтар ұстап тұрғаны анық көрінеді.

Одан бөлек, әлемді мойындатқан өнер иесінің тыңдармандары 8 жылдан кейін елге келіп тұрғанын білдіретін үлкен постер жазған.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com: UGC

Айта кетерлігі, әуежай диспетчері әншімен қазақ тілінде амандасты.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергенді украиналық жанкүйердің бірі әлемге әйгілі Майкл Джексонмен салыстыратындығын білдіріп, қос әртістің суреттері бейнелеген картинаны арнайы алып келген.

Еске сала кетсек, бұған дейіН Димаш Құдайбергеннің суреті Нью-Йорктегі әйгілі "Barclays Center" аренасының жұлдыздар қабырғасына ілінгені хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844825-dimasty-ukrainalyk-zankjerleri-kievte-erekse-krmetpen-ktip-aldy-foto-video/

pixel