Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар ма, теңге ме: Нарықтағы тұрақсыздық кезінде ақшаны қалай ұстаған жөн

Опубликовано:

Валюта бағамы күрт өскен жағдайда қазақстандықтарға не істеу керек? Долларды тездетіп теңгеге айырбастау қажет пе немесе керісінше, ақшаны ұлттық валютада сақтаған дұрыс па? Осы мәселе бойынша Нұрфин журналистері қаржы сарапшысымен тілдесіп көрді.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Қазіргі уақытта күрделі жағдай туындады. Доллары барлардың бір бөлігі неғұрлым тиімді бағам сақталып тұрған кезде оларды теңгеге айырбастауға ниетті. Ал енді бірі америкалық валютаның әлі де қымбаттайтынына сеніп, керісінше, теңгесін долларға айырбастауға мүдделі.

Қазақстандықтарға бұндай жағдайда не істеу керектігін қаржы сарапшысы Александр Жулевтен сұрап көрдік.

Америкалық валюта бағамының күрт өсімі кезінде долларды теңгеге ауыстырған дұрыс па?

Қаржы сарапшысы Александр Жулев: "Ақшаны долларда сақтап, нарықтағы тұрақсыздық кезінде оларды теңгеге айырбастағысы келетіндерге, ішкі түйсікке ғана сүйенбей, барлық тәуекелдерді мұқият есептеуге кеңес беруге болады.
Мәселен, мың долларды сатып, одан қатты байып кету екіталай, керісінше, жинаған қорыңыздың бір бөлігінен айырылып қалуыңыз әбден мүмкін. Мен асығыстық танытпай, валюта нарығының тұрақсыз жағдайында бағамның өзгеруінен пайда көруге талпынбауға кеңес берер едім.
Алайда, өзіңізді болжам жасаудың шебері санайтын тәуекелшіл адам болсаңыз, тырысып көруіңізге болады.Кез-келген жағдайдағы алғашқы ереже – эмоцияға және асығыстыққа бой алдырма".

Америкалық валюта бағамының күрт өсімі кезінде теңгені долларға айырбасау керек пе?

Қаржы сарапшысы Александр Жулев: "Валюта бағамы күрт өзгергеннен кейін бірден алды-артына қарамай, еңбекпен тапқан ақшаңызды шетелдік валютаға айырбастауға жүгірудің қажеті жоқ.
Біріншіден, бұндайда психологиялық әсер басым болады: көбісі эмоцияға беріліп, барынша жылдамдатып, жиған ақшасын шетелдік валютаға айырбастауға тырысады.
Мұндайда сұраныс ұлғайып, сәйкесінше, айырбастау курсы жасанды жолмен өсе береді.
Екіншіден, көбінесе бірнеше күн ішінде ұлттық валюта өсімнің себебіне қарамастан, позициялардың белгілі бір санын кері қайтаратынын түсіну керек.
Қалай болғанда да, нарықтағы ауытқулар – қалыпты құбылыс, сұраныс ұсынысты тудырады.
Осы факторлардың барлығын ескере келе, қарапайым халыққа өз болжамын жасау қиын екені белгілі. Сондықтан да бұндай мәселеге жауапкершілікпен қарап, асығыстық танытпауға кеңес беремін".

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министрі журналистермен тілдесу кезінде ақшаны теңгемен сақтау керек пе әлде долларға айырбастаған жөн бе деген сауалға жауап берген болатын.

Сондай-ақ ол валюта бағамының күрт өсуіне байланысты елімізде азық-түлік пен электорника бағасының қалай өзгеретінін айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1844779-dollar-ma-tege-me-naryktagy-traksyzdyk-kezinde-aksany-kalaj-stagan-zn/

pixel