Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да балалы әйелді күйеуінен құтқармақ болған азамат қайтыс болды

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында ер адам кішкентай баласы бар таныс келіншекке көмектесемін деп қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ер дам
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ер адамның танысы қолындағы кішкентай баласымен келіп, одан көмек сұраған. Бұл оқиға өткен жылдың жазында болған. Келіншектің үйінде кезекті бір жанжал туындағаны белгілі болды. Оның күйеуі арақ ішіп, әйелін ұрған деп жазады YK-news.kz.

Ер адам танысына көмек көрсетуден бас тартпапты. Келіншек шай ішіп, сабасына түскен соң баласын ұйықтатуға кеткен.

Шамамен жарты сағат өткен соң әйелдің күйеуі келіп, шу шығарған. Ол есікті қағып, балағат сөздер айтқан.

Пәтер иесі сыртқа шығып, шақырылмаған қонақпен сөйлеспек болады. Алайда жас ана оны райынан қайтарып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақыруды ұсынады.

Жанжалшыны полиция әкетіп, хаттама толтырып, ұстауға еш негіз болмаған соң оны үйіне жіберген. Алайда ол өз үйіне қайтпай, қайтадан әйеліне барған. Ер адам таңғы уақытта келіп, үйдің есігін сындыра бастаған.

Пәтер иесі есікті ашып, оған бірден қол көтерген. Ол да қалыс қалмай, әйелінің досына жұдырық жұмсаған. Пәтер иесі артқа қарай жүрген кезде аяғы тайып, құлаған. Салдарынан есінен танып қалған. Ал келіншектің күйеуі баласын алып, оқиға орнынан кеткен.

Әйел дәрігерлер мен полицейлерді шақырған. Оның досын медициналық мекемеге жеткізген. Алайда ер адамның миына қан құйылғандықтан, дәрігерлер оны құтқарып қала алмапты.

Осы іске байланысты Семейде сот процесі болды. Айыпталушы 9 жылға түрмеге қамалған. Сондай-ақ ол зардап шегуші тарапқа 500 мың теңгеден астам өтемақы төлеуі керек. Әзірге сот үкімі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында отбасылық жанжалдың соңы әйел мен оның үш айлық нәрестесінің өлімімен аяқталған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844689-sko-da-balaly-jeldi-kjeuinen-ktkarmak-bolgan-azamat-kajtys-boldy/

pixel