Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Адамдармен кездесіп, проблемаларды шешу маңызды

Опубликовано:

Қазақстан Тұңғыш президентінің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Кездесу барысында 18 наурызда өтетін партияның Саяси кеңесі отырысының күн тәртібі талқыланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

ввввв
Фото: Елбасының баспасөз қызметі: Facebook

Бюро отырысын ашқан Елбасы партия жұмысын жандандыру бағдарламасы мен «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» атты әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына оң баға берді.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев партияның өңірлердегі жұмысына назар аударды.

"Партия басшылығы, мәжіліс пен мәслихат депутаттары жергілікті жерлерді аралауға тиіс, соның ішінде, шалғай аудандарға баруы керек. Адамдармен кездесіп, проблемаларды жан-жақты зерделеу, оларды шешу маңызды. Бұл мәселелердің барлығы өңірлік партия бағдарламаларында көрініс табуы қажет", – деді партия Төрағасы.

Сонымен қатар, Бюро отырысында осы жылдың 30 наурызы мен 16 мамыры аралығында елдің барлық өңірлерінде жаңа форматта партияның ішкі іріктеуін – праймериз өткізу туралы шешім қабылданды.

"Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын", – деді Елбасы.
  • Отырыстың қорытындысы бойынша Бюроның қаулысы қабылданды. Оған сәйкес іріктеуді жүргізу ережесінің жобасы алдын-ала мақұлданды. Ол 18 наурызда Саяси кеңестің отырысында бекітіледі.

Праймериз нәтижесінде «Nur Otan» партиясынан мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауалды партиялық тізімдеріне кандидаттар анықталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, партияның 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы бекітілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844145-nazarbaev-adamdarmen-kezdesip-problemalardy-sesu-mayzdy/

pixel