Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды

Опубликовано:

Шымкентте трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шымкентте трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Жол-көлік оқиғасы Шымкенттің шыға берісіндегі Ақтас ауылының тұсында болған.

Ауди жеңіл көлігі жоғары жылдамдықта келе жатып, трактордың тіркемесіне кіріп кеткен.

Оқиға орнында жеңіл көліктің үш жолаушысы көз жұмды. Олардың бірі 9 жастағы жасөспірім екені белгілі болды. Ал, жарақаты өте ауыр болған көлік жүргізушісі аурухана төсегінде жан тәсілім еткен.

Сондай-ақ, тракторда болған екі адам мен Аудидің екі жолаушысы қазір ауруханада жатыр.

Жол апатынан ауыр жарақаттанған бір әйел ес-түссіз жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданында жантүршігерлік жол апаты орын алып, салдарынан әйел адам мен оның нәрестесі қайтыс болған еді.

Қайғылы жағдай Сарыкемер ауылында 4 наурыз күні түнде орын алған.

“BMW 728” маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі 44 жастағы әйел мен оның үш айлық баласын жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844126-symkentte-traktor-men-zeil-klik-soktygysyp-trt-adam-mert-boldy/

pixel