Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: Қайтыс болған 11-ші адамның аты-жөні белгілі болды

Опубликовано:

Құқық қорғау органының қызметкерлері Қордай ауданында өртенген сауда орталығынан табылған адам денесінің генетикалық зерттеуінің нәтижелерін алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Sputnik/Тимур Батыршин
Көрнекі фото: Sputnik/Тимур Батыршин: UGC

Жамбыл облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 ақпанда Масанчи ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған.

Генетикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оның кім екені анықталды.

"Ол із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында болған 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты. Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлады", - деді ведомство.

Белгілі болғандай, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жас жігіттің қалай көз жұмғаны анықталуда.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында жаппай тәртіпсіздік орын алды.

Соның салдарынан, он адам көз жұмып, жүздеген адам жарақат алған. Кейін қираған ғимаратты тазарту жұмыстары кезінде тағы бір адамның мәйіті табылды.

Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844061-kordajdagy-zappaj-trtipsizdik-kajtys-bolgan-11-si-adamny-aty-zni-belgili-boldy/

pixel