Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Әлихан Бөкейхановтың туғанына 154 жыл толды

Опубликовано:

5 наурыз көрнекті қоғам қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 154 жыл толды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

әлихан
Әлихан Бөкейханов. Фото: atso.kz: Twitter

Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында (бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы) өмірге келген.

Әкесі Нұрмұхамед Әлиханды тоғыз жасында молдаға оқуға беріп, артынша ол білімін үш сыныптық бастауыш мектепте жетілдірген. Содан кейін Қарқаралыдағы үш жылдық училищеге түсіп, оны үздік бітіріп шығады.

Ал 16 жасында Омбының техникалық училищесіне түсіп, 20 жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының шәкіртақысына ие болған. Сондай-ақ Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтында білімін шыңдаған.

әлихан
Ахмет Байтұрсынұлы. Әлихан Бөкейханов. Міржақып Дулатұлы. Фото: Courtasy Photo: Facebook

Әлихан Бөкейханов сабақпен қатар, саяси, әдеби, экономикалық үйірмелерге атсалысып, студенттік толқуларға қатысқан.

1917 жылдары шілде және желтоқсан айларында өткен жалпы қазақтық съездерді ұйымдастырып, онда "Алаш" партиясы мен "Алашорда" үкіметін құруға қол жеткізеді. Сөйтіп ол үкіметтің төрағалығына сайланған.

Замандастары мен халқы қадірлеп "Әлекең" деп атап кеткен Әлихан Бөкейханов - бүкіл саналы өмірін қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігі үшін арнаған ұлы тұлғамыз.

Еске сала кетсек, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығы кең көлемде атап өтіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844024-bgin-lihan-bkejhanovty-tuganyna-154-zyl-toldy/

pixel