Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус тағы төрт мемлекетке тарап кетті

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлемдегі коронавирус жайлы жаңартылған мәліметтерді жариялады. Ресми ақпарат бойынша, Қытайдан тыс жерлерде 12 мыңнан астам адам инфекцияны жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бүгінгі күнге дейін вирус 80 елде 12,7 мың адамда анықталған.

Тәулік ішінде инфекция жұқтырғандардың саны 2 мың адамға артқан. Қытайдан тыс жерде 214 адам коронавирустың құрбаны болса, соңғы бір тәулікте 48 науқас көз жұмды, деп жазады РИА Новости.

Соңғы бірнеше күнде Польша мен Украинада, сондай-ақ Латын Америкасы елдері - Аргентина мен Чилиде коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген.

Онлайн-дайджестің мәліметі бойынша, 5 наурызда әлем бойынша қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 95 мыңнан асқан. Одан бөлек, 51 мың науқастың коронавирустан айыққаны анықталды.

5 наурыздағы деректерге сәйкес, COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар саны 3 254 адамды құраған.

Аспан асты елінен кейін өлім жағдайларының көпшілігі Италияда тіркелген. Елде коронавирустан 107 адам көз жұмған.

Қазіргі уақытта вирус АҚШ-та таралады деп күтілуде. Өткен тәулікте Нью-Йорк штатында 11 жұқтыру оқиғасы анықталған. Осыған байланысты аймақтың губернаторы мегаполисте инфекция жұқтырғандардың саны арта беретінін ескертті.

Эндрю Куомо қазіргі уақытта штатта күніне 20-30 адамда вирустың бар-жоғы тексерілетіндігін, бұны 1000-ға жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 3 наурызда басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жайлы мәлімет тарады.

Бұл ақпаратқа қатысты еліміздің сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, мәліметтің расталмағанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843996-kytajdan-tys-zerde-koronavirus-zktyrgandardy-sany-12-mynan-asty/

pixel