Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Ахметовтің жаза мерзімі қысқарды

Опубликовано:

Министрлер кабинетінің экс-басшысы Серік Ахметовтың жаза мерзімі қысқарды. Ол Қарағанды облысының әкімі лауазымында болған кезде жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға сотталған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Ахметовтің жаза мерзімі қысқарды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мерзімді қысқарту туралы қаулы Қарағандыда қабылданды. Бұған заңдағы жаңа нормалар себеп болды.

Егер бұған дейін ТИЗО-да өткен 1 күн колонияда болған 1 күнге тең болса, өткен жылдың 27 желтоқсанынан бастап изоляторда болған тәулік ҚАЖ мекемелерінде 1 тәулікке және 12 сағатқа тең.

Пробация қызметінің басшысы сотқа жүгінді. Оның ұсынысы Ахметовтың жақсы мінез-құлқына байланысты емес. Пробация басшысы мұны заңдылықты сақтау үшін жасауға міндетті еді.

Судья бас тарту үшін себеп таппады, өйткені заңның талаптары міндетті түрде орындалуы қажет.

Осыған байланысты Серік Ахметовтың мерзімі қысқартылды. Отырысқа қатысқан екі прокурор пробация қызметі берген ұсынымның заңдылығын растады.

Олар жаңа заң өз күшіне енгендіктен өтініш қанағаттандырылатынын айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің мерзімі бір жарым айға қысқартылды.

Еске сала кетсек еліміздің бұрынғы премьер- министрі 2015 жылы "бюджет қаржысын жымқыру", "лауазымын асыра пайдалану", "кәсіпкерлікке заңсыз араласу" баптарымен айыпталып сегіз жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сот оның мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметпен айналысуына бес жылға тыйым салды.

Екі жылдан кейін Серік Ахметов рақымшылыққа ілігіп, жазасын өтеу мерзімі алдымен төрт жылға азайтылып, кейін "бостандығын шектеу"- ге ауыстырылды.

Сөйтіп экс-премьер АК 159/ 18 жалпы ережедегі колониясынан босап шыққан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843976-serik-ahmetovti-zaza-merzimi-kyskardy/

pixel