Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ораламын деді": Өнерден алыстап кеткен Сырым Исабаев қазір қайда жүр

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес әлеміне Қайрат Нұртаспен бірге қадам басып, халықтың ыстық ықыласына бөленген Сырым Исабаев аты дүркіреп тұрған кезде кенеттен өнерден кетуге шешім қабылдаған еді. Сол сәттен бері әншінің өмірі қалың көпшілік үшін құпия болып келеді. Өнер иесінің жанкүйерлерін бүгінде оның немен айналысып жүргені қатты қызықтыруда. Ел назарынан тыс қалған жұлдыздың қазіргі жай-күйін оның жақын досы баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: әлеуметтік желіден/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: әлеуметтік желіден/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сырым Исабаевпен өнер жолында талай мәрте тығыз жұмыс істеген Абдусамат Базыхановтың әнші жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалығы бар. Танымал режиссер өнер иесіне қатысты бірқатар тың ақпарат бөліскен.

"Сырым Исабаев қазір өзінің жеке кәсібімен айналысып жатыр. Онымен хабарласпағаныма бір-екі жыл болды. Негізі өнерден кеттім деген, бірақ кейін "қайтадан ораламын" деді. Доспыз, араласамыз. Оның клиптерінің барлығын мен түсіргенмін. Бір-екі рет соңғы сөйлескен кезде жеке кәсібі жақсылау екенін айтты. "Өнерге қайтып келесің ба?" деп сұрағанымда, "келемін, ниет бар" деп жауап берді. Бірге кино түсірсек деп ойлағанбыз" , - деді Базыханов.

Оған қоса ол, Исабаевтың өнерден кетуіне не себеп болғанын да айтып берді.

"Мен Сырыммен қатты жақын дос болдым. Көп жерде қасында жүрдім, сырласы болдым. Сырым өзі шуға, екіжүзділікке мүлдем жоқ адам. Өте байсалды жігіт. Меніңше, өнерде жүргендердің көбісі бетперде болғандықтан, айналасындағы шудан шаршап кетті. Ол арзан дүние қуалап, содан шаршап кетті деп ойлаймын. Сол үшін кетіп қалған сияқты" , - деді режиссер.

Айта кетейік, бұған дейін ел назарынан тыс қалған тағы бір әнші Асқар Жүнісбеков жайлы жазған болатынбыз. Өнер иесі бүгінде шоу-бизнеске қайта оралып, тыңдармандарын қуантуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843828-oralamyn-dedi-nerden-alystap-ketken-syrym-isabaev-kazir-kajda-zr/

pixel