Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дұрыс тамақтануға қарсы болған танымал блогер 95 келіге арықтап кетті

Опубликовано:

Ресейдің Түмен облысының тумасы София Броян әлеуметтік желідегі танымал блогер. Артық салмағы үшін желідегілерден сөгіс еститін 23 жастағы бойжеткен 95 келіге арықтап, көпшілікті таңғалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Дұрыс тамақтануға қарсы болған танымал блогер 100 келіге арықтады
Фото: instagram.com/sofiyabroyan: UGC

Софияның Instagram-дағы оқырмандар саны 2,5 миллионды құрайды. Ол өзінің оқырмандарымен тек әзілқой видеоларымен ғана емес, томпақ арудан сұлу бикешке айналу процесімен де бөлісіп тұрады.

София салмақ тастау туралы шешім қабылдаған кезде бірнеше рет диета ұстаған, алайда онысынан нәтиже шықпаған.

Десе де, артық салмақтың салдарынан арқасы ауыра бастаған кезде, ол жағдайдың бұлай жалғаса бере алмайтынын түсініп, өзін қайта қолға алыпты.

"Екі жыл бұрын түн сайын егіліп жылап, барлық адамзатты және дұрыс тамақтануды қарғап-сіледім. Есіңде болсын, мақсатқа жету жолының ұзақтығы маңызды емес. Жаныңдағы адамдар маңызды", - дейді блогер ару.

Осыдан кейін София дұрыс тамақтануға көшіп, тұтынатын калориялар санын қысқартқан, алайда спортзалға барып, денесіне күш түсіруге асықпаған. Себебі оның денсаулығы бұған жол бермеді.

Сол себепті ол жүгіруге арналған құрылғыны сатып алып, сонымен жаттыға бастапты.

"Арықтаудың 90 пайызы дұрыс тамақтанудан тұрады. Ал спорт: бұлшықерттерді нығайту, теріні тарту, калорияны жою - бұл қосымша көмек", - дейді София.

Бойжеткеннің айтуынша, салмақ тастаудың әр сатысы оған ауыр тиген. Алайда хейтерлердің жағымсыз пікірі оның сағын сындыра алмапты.

"Әрбір кезең - тозақ іспетті. Алайда бір бастасаң, нәтижесін көргеннен кейін бұрынғы өміріңе қайта оралғың келмейді", - дейді блогер ару.

Софияның сөзінше, ол бүгінде өзін мақтан тұтады.

"Бұрынғы киімдерімді киіп, мұның жай ғана өткеннің елесі екенін түсінемін, өзімді сабырға келтіріп, дұрыс жолмен жүріп келе жатқаныма тағы бір рет көз жеткіземін. Сол себепті бұрынғы киімдерімді тастамаймын. Олар мен үшін үлкен естелік. Мені жігерлендіретін де осы киімдерім", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 34 жастағы ару 200 келі салмақ тастап, өмірлік махаббатына тұрмысқа шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843643-drys-tamaktanuga-karsy-bolgan-tanymal-bloger-100-kelige-aryktap-ketti/

pixel