Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Опубликовано:

Сауд Арабиясында алғашқы коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сауд Арабиясында алғашқы коронавирус жұқтырған адам тіркелді
Көрнекі фото: ria.ru: Instagram

Сауд Арабиясында Ираннан келген азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.

"Денсаулық сақтау министрлігі Бахрейн арқылы Ираннан келген корольдік азаматынан алынған сынамалар коронавирустың жаңа түрі бар екенін растады. Осы адаммен байланыста болған барлық адам тексерістен өтуде", -деді министрлік Twitter парақшасында.

Бұған дейін Сауд Арабиясы Бахрейн арқылы Ираннан келген корольдік азаматтары - төрт әйелден коронавирус анықталғанын хабарлаған болатын. Алайда екі тараптың билігі келісіп, вирус жұқтырғандар Бахрейнде емделуге қалған болатын.

Айта кетсек, Сауд Арабиясының туризм министрлігі коронавирус дерегі көптеп тіркелген жеті елдің азаматтарына электронды туристік виза беруді уақытша тоқтатқан болатын. Мақсаты – жаңа қытайлық вирустың ел аумағына таралуына жол бермеу.

Мұндай шектеулер тек ауру тараған елдерге ғана емес, солармен шекаралас мемлекеттерге де қойылған. Қазақстанның бұл тізімге кіруінің себебі осы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге кіруге уақытша тыйым салғанын хабарлаған едік. Әзірге мұсылмандар Мекке мен Мединаға барып, кіші қажылық жасай алмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843604-saud-arabiasynda-algasky-koronavirus-zktyrgan-adam-tirkeldi/

pixel